Өңірлер

Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: 17 адам ауруханаға жеткізілді

© Sputnik / СтрингерАлматыда болған жол апаты
Алматыда болған жол апаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Алматыда екі жолаушылар автобусының соқтығысуы салдарынан 17 адам жарақат алды. Бұл туралы қаланың денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Апат салдарынан барлығы 19 адам зардап шеккен, біреуі медициналық көмектен бас тартты.
"Қала ауруханаларына түрлі жарақатпен 17 адам жеткізілді. Зардап шеккен бір адам жедел жәрдем келгенше көз жұмды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін жол апатынан 15 адам жарақат алғаны хабарланған еді.
Еске салсақ, бүгін Алматыда 98 және 201-ші бағыттағы екі жолаушылар автобусы соқтығысты. Жол апаты Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында болған. Салдарынан бір адам ажал құшты.
Полиция Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.
Машина скорой помощи - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2022
Алматыда автобустар соқтығысқан сәттің видеосы жарияланды
Жаңалықтар
0