Дубайдағы зәулім тұрғын үйден өрт шықты

Sputnik
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Бурдж-Халифа жанындағы тұрғын үй кешенінен өрт шықты.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өрт түнгі екіден кейін басталған.
"Менің анам түнгі сағат 2:20-да бөлмесін жалын шарпыған кезде оянған", - дейді Бинду Рай.
Желіде куәгерлер түсірген видео мен суреттер тарап кетті, кадрлардан жалынның тұрғын үй кешеніне қалай таралғанын көруге болады.
The national UAE ақпараты бойынша, өрт 7 қарашаға қараған түні шыққан. Таңертең өрт сөндірушілер өртті ауыздықтап үлгерді.
"Жалын таңға қарай сөндірілді, ғимарат қасбетінің көп бөлігі өртенді. Ғимарат 8 Boulevard Walk от Emaar деп аталатын мұнаралар кешенінің бір бөлігі болып саналады", - деп толықтырды ақпарат агенттігі.
Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Полицейлер өрттің мән-жайын анықтап жатыр.