Дубайдағы зәулім тұрғын үйден өрт шықты

© AFP 2024 / KARIM SAHIBДубайда өртенген зәулім тұрғын үй
Дубайда өртенген зәулім тұрғын үй  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Бурдж-Халифа жанындағы тұрғын үй кешенінен өрт шықты.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өрт түнгі екіден кейін басталған.
"Менің анам түнгі сағат 2:20-да бөлмесін жалын шарпыған кезде оянған", - дейді Бинду Рай.
Желіде куәгерлер түсірген видео мен суреттер тарап кетті, кадрлардан жалынның тұрғын үй кешеніне қалай таралғанын көруге болады.
The national UAE ақпараты бойынша, өрт 7 қарашаға қараған түні шыққан. Таңертең өрт сөндірушілер өртті ауыздықтап үлгерді.
"Жалын таңға қарай сөндірілді, ғимарат қасбетінің көп бөлігі өртенді. Ғимарат 8 Boulevard Walk от Emaar деп аталатын мұнаралар кешенінің бір бөлігі болып саналады", - деп толықтырды ақпарат агенттігі.
Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Полицейлер өрттің мән-жайын анықтап жатыр.
Жаңалықтар
0