Оқиға

"Арселорға" тиесілі шахтадан тағы бір жұмысшының мәйіті табылды

Қазіргі уақытта құқыққорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. "АрселорМиттал Теміртаудың" "Казахстанская" шахтасынан жұмысшының мәйіті табылды.
"АрселорМиттал Теміртау" хабарлауынша, бүгін "Казахстанская" шахтасының аумағынан кәсіпорынның көмір департаменті бөлімшелерінің біріндегі қызметкердің мәйіті табылды.
"Оқиға кезінде жұмысшы қызметтік кезекшілікте болмаған", - деп жазылған компания таратқан хабарламада.
Бұған дейін 3 қарашада Қарағанды ​​облысының Шахтинск қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" шахталарының бірінде төтенше жағдай болды. Газ дренаждық ұңғымаларды бұрғылау кезінде кенеттен газ шығып, салдарынан төрт жұмысшы қаза тапты. Таңертең бесінші кеншінің денесі табылды.
Қайғылы оқиға салдарынан төрт кенші зардап шекті, олар ауруханаға жатқызылды. Алдын ала диагноз – метаннан улану. Екі кенші Қарағандыдағы Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың токсикологиялық бөліміне жатқызылды. Уланғаннан бөлек, әртүрлі ауырлықтағы жарақат алған тағы екі кенші Шахтинск ауруханасында жатыр.
Оқиға
Шахтадағы трагедия: министр Ильин төтенше жағдайдың қалай болғанын айтты