Өңірлер

Шахтадағы трагедия: дәрігерлер 4 жұмысшының жағдайы туралы айтты

Алдын ала диагноз бойынша зардап шеккендер метаннан уланған
Sputnik
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. "АрселорМиттал Теміртау" шахтасында төтенше жағдай кезінде зардап шеккен 4 жұмысшы Шахтинск орталық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Оларға алдын ала қойылған диагноз – метаннан улану.
Зардап шеккендердің екеуі Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың токсикологиялық бөліміне жатқызылды. Ал уланудан бөлек, әртүрлі ауырлықта жарақат алған екі науқас Шахтинск қаласының ауруханасында жатыр.
"Ол жаққа консилиум өткізу үшін Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың санитарлық авиация мамандарының бригадасы – 2 нейрохирург және 2 реаниматолог аттанды", - деп мәлімдеді басқармадағылар.
Бұған дейін "АрселорМиттал Теміртауға" қарайтын шахтада төтенше жағдай болғаны хабарланған еді. Кенеттен газ шығып, төрт адам көз жұмған. Тағы төрт адам ауруханаға түсті. Бір жұмысшы іздестіріліп жатыр.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды.
Оқиға
"АрселорМиттал Теміртауда" төтенше жағдай болды - 4 жұмысшы көз жұмды