https://sputnik.kz/20221103/shakhtadagy-tragediya-darigerler-4-zhumysshynyn-zhagdayy-turaly-aytty-28997313.html
Шахтадағы трагедия: дәрігерлер 4 жұмысшының жағдайы туралы айтты
Шахтадағы трагедия: дәрігерлер 4 жұмысшының жағдайы туралы айтты
Sputnik Қазақстан
Алдын ала диагноз бойынша зардап шеккендер метаннан уланған 03.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-03T09:07+0500
2022-11-03T09:07+0500
2022-11-03T09:09+0500
өңірлер
арселормиттал теміртау
https://sputnik.kz/img/07e5/05/13/17095190_0:320:3073:2048_1920x0_80_0_0_d5efcf2ee9d8f99bb6deec9210750392.jpg
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. "АрселорМиттал Теміртау" шахтасында төтенше жағдай кезінде зардап шеккен 4 жұмысшы Шахтинск орталық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.Оларға алдын ала қойылған диагноз – метаннан улану.Зардап шеккендердің екеуі Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың токсикологиялық бөліміне жатқызылды. Ал уланудан бөлек, әртүрлі ауырлықта жарақат алған екі науқас Шахтинск қаласының ауруханасында жатыр."Ол жаққа консилиум өткізу үшін Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың санитарлық авиация мамандарының бригадасы – 2 нейрохирург және 2 реаниматолог аттанды", - деп мәлімдеді басқармадағылар.Бұған дейін "АрселорМиттал Теміртауға" қарайтын шахтада төтенше жағдай болғаны хабарланған еді. Кенеттен газ шығып, төрт адам көз жұмған. Тағы төрт адам ауруханаға түсті. Бір жұмысшы іздестіріліп жатыр.Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды.
https://sputnik.kz/20221103/arselor-mittal-temirtau-28995357.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/13/17095190_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_99a7cd330b711ad1828ee13ddb9a0187.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
арселормиттал теміртау
Шахтадағы трагедия: дәрігерлер 4 жұмысшының жағдайы туралы айтты
09:07 03.11.2022 (жаңартылды: 09:09 03.11.2022) Алдын ала диагноз бойынша зардап шеккендер метаннан уланған
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. "АрселорМиттал Теміртау" шахтасында төтенше жағдай кезінде зардап шеккен 4 жұмысшы Шахтинск орталық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Оларға алдын ала қойылған диагноз – метаннан улану.
Зардап шеккендердің екеуі Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың токсикологиялық бөліміне жатқызылды. Ал уланудан бөлек, әртүрлі ауырлықта жарақат алған екі науқас Шахтинск қаласының ауруханасында жатыр.
"Ол жаққа консилиум өткізу үшін Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың санитарлық авиация мамандарының бригадасы – 2 нейрохирург және 2 реаниматолог аттанды", - деп мәлімдеді басқармадағылар.
Бұған дейін "АрселорМиттал Теміртауға" қарайтын шахтада төтенше жағдай болғаны хабарланған еді. Кенеттен газ шығып, төрт адам көз жұмған. Тағы төрт адам ауруханаға түсті. Бір жұмысшы іздестіріліп жатыр.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды.