Оқиға

Қарағанды облысында шахтада апат болды - бесінші кеншінің денесі табылды

Sputnik
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. "АрселорМиттал Теміртау" шахтасында болған төтенше жағдай салдарынан қаза болғандар саны 5 адамға жетті.
"Сағат 09:09-да бесінші жұмысшының денесі табылды", - деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Бұған дейін "АрселорМиттал Теміртауға" қарайтын шахтада төтенше жағдай болды. Кенеттен газ шығып, төрт адам көз жұмғаны хабарланды. Тағы төрт адам ауруханаға түсті.
Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 4 жұмысшы Шахтинск орталық ауруханасына жеткізілген.
Оларға алдын ала қойылған диагноз – метаннан улану.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды.
Өңірлер
Шахтадағы трагедия: дәрігерлер 4 жұмысшының жағдайы туралы айтты