Өңірлер

ҰҚК оңтүстіктен елордаға есірткі жеткізіп тұрған курьерді ұстады

Sputnik
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің ірі партиясын тәркіледі.
ҰҚК көп кезеңді арнайы операция барысында қарасора тобына жататын есірткі заттарын Астанаға жеткізудің тұрақты арнасын жойды.
"29 қазанда полиция департаменті бөлімшелерімен бірлесіп есірткі тасымалдаушысы ұсталды. Оның көлігінен еліміздің оңтүстік өңірлерінен жеткізілген 15 келі гашиш табылды. Тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында тағы да 17 келі гашиш пен 1,5 келі марихуана тәркіленді", - делінген ҰҚК хабарламасында.
Есірткінің жалпы салмағы – 32 келі гашиш пен 1,5 келі марихуана.
Жедел тергеу шаралары жалғасып жатыр.
Талдықорған тұрғыны үйін есірткі өндіретін зертхана ретінде жабдықтаған