Өңірлер

ҰҚК оңтүстіктен елордаға есірткі жеткізіп тұрған курьерді ұстады

© Photo : КНБ РКАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің ірі партиясын тәркіледі.
ҰҚК көп кезеңді арнайы операция барысында қарасора тобына жататын есірткі заттарын Астанаға жеткізудің тұрақты арнасын жойды.
"29 қазанда полиция департаменті бөлімшелерімен бірлесіп есірткі тасымалдаушысы ұсталды. Оның көлігінен еліміздің оңтүстік өңірлерінен жеткізілген 15 келі гашиш табылды. Тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында тағы да 17 келі гашиш пен 1,5 келі марихуана тәркіленді", - делінген ҰҚК хабарламасында.
Есірткінің жалпы салмағы – 32 келі гашиш пен 1,5 келі марихуана.
Жедел тергеу шаралары жалғасып жатыр.
Оралдағы есірткі зертханасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2022
Талдықорған тұрғыны үйін есірткі өндіретін зертхана ретінде жабдықтаған
Жаңалықтар
0