Фото

Джакартада сән апталығы өтті – фото

Индонезияның астанасында кезекті рет The Jakarta Fashion Week 2023 сән апталығы өтті. Сән көрсетілімдегі ерекше киім үлгілерін суреттер топтамасынан тамашалаңыздар!
Sputnik
Indonesia Fashion Week немесе IFW – Индонезиядағы ірі сән апталығы. Бұл іс-шара 2011 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Әдеттегідей, көрсетілімді индонезиялық сән кәсіпкерлері жергілікті Дизайнерлер қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырады. Олар индонезиялық мәдениетті сән әлемінде сүйемелдеуді мақсат тұтып отыр.
Бұл күндері Джакартада кутюрьден дизайнерлерге дейін көптеген сән көрсетілімі, сондай-ақ түрлі жәрмеңкелер өтті. Суреттер топтамасынан көріңіздер!
1 / 12

Дәстүр бойынша жергілікті және шетелдік брендтер өздерінің жаңа топтамаларын көрерменге ұсынды. Суретте: Джакартадағы Сән апталығында киім үлгісін таныстырып тұрған модель.

2 / 12

Ұлттық нақыштағы киімдер, хиджабтар мен орамалдар сәнді трендке айналды.

3 / 12

Киім үлгілеріндегі ерекше бөлшектер, аксессуарлар, сәндік бұйымдар да көрерменнің жоғары бағасына ие болды. Суретте: модель Анджелина Доминик туындысын таныстырып тұр.

4 / 12

Басына гүлді диадема таққан жас қалыңдықтың киім үлгісі зор қошеметке бөленді.

5 / 12

Суретте: Джакартадағы Сән апталығында модельдер Танисия Белланың туындыларын көрсетіп тұр.

6 / 12

Сән апталығында өте ерекше киім үлгілері де таныстырылды. Гарри Халимнің киім үлгілерін ұнатқандар да аз болмады.

7 / 12

Модельдер Джакартадағы Сән апталығында Bin House туындыларын таныстырып тұр.

8 / 12

Модель Шығыс Нуса-Тенгара провинциясынан жеткізілген дәстүрлі индонезиялық маталарды қолдану арқылы дайындалған Dekranasda NTT киім үлгілерін таныстырып тұр.

9 / 12

Стильді аяқ киім, соның ішінде жағажайға арналған аяқ киім Джакартадағы көрсетілімнің ерекшелігіне айналды.

10 / 12

Дизайнерлер аксессуар ретінде күннен қорғайтын көзілдірік пен көлемді сән бұйымдарын қолданды. Суретте: модельдер Ринальда Юнардидің туындыларын таныстырып тұр.

11 / 12

Топтамаларда нәзіктігі және әсемдігі бойынша ерекше кешке арналған көйлектер жұрт назарына ұсынылды.

12 / 12

Модель Джакартадағы Сән апталығында Валеда туындыларын көрсетіп тұр.