Индонезияның астанасында кезекті рет The Jakarta Fashion Week 2023 сән апталығы өтті. Сән көрсетілімдегі ерекше киім үлгілерін суреттер топтамасынан... 02.11.2022, Sputnik Қазақстан
Indonesia Fashion Week немесе IFW – Индонезиядағы ірі сән апталығы. Бұл іс-шара 2011 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Әдеттегідей, көрсетілімді индонезиялық сән кәсіпкерлері жергілікті Дизайнерлер қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырады. Олар индонезиялық мәдениетті сән әлемінде сүйемелдеуді мақсат тұтып отыр.Бұл күндері Джакартада кутюрьден дизайнерлерге дейін көптеген сән көрсетілімі, сондай-ақ түрлі жәрмеңкелер өтті. Суреттер топтамасынан көріңіздер!
Индонезияның астанасында кезекті рет The Jakarta Fashion Week 2023 сән апталығы өтті. Сән көрсетілімдегі ерекше киім үлгілерін суреттер топтамасынан тамашалаңыздар!
Indonesia Fashion Week немесе IFW – Индонезиядағы ірі сән апталығы. Бұл іс-шара 2011 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Әдеттегідей, көрсетілімді индонезиялық сән кәсіпкерлері жергілікті Дизайнерлер қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырады. Олар индонезиялық мәдениетті сән әлемінде сүйемелдеуді мақсат тұтып отыр.
Бұл күндері Джакартада кутюрьден дизайнерлерге дейін көптеген сән көрсетілімі, сондай-ақ түрлі жәрмеңкелер өтті. Суреттер топтамасынан көріңіздер!
Дәстүр бойынша жергілікті және шетелдік брендтер өздерінің жаңа топтамаларын көрерменге ұсынды. Суретте: Джакартадағы Сән апталығында киім үлгісін таныстырып тұрған модель.
Киім үлгілеріндегі ерекше бөлшектер, аксессуарлар, сәндік бұйымдар да көрерменнің жоғары бағасына ие болды. Суретте: модель Анджелина Доминик туындысын таныстырып тұр.
Модель Шығыс Нуса-Тенгара провинциясынан жеткізілген дәстүрлі индонезиялық маталарды қолдану арқылы дайындалған Dekranasda NTT киім үлгілерін таныстырып тұр.
Дизайнерлер аксессуар ретінде күннен қорғайтын көзілдірік пен көлемді сән бұйымдарын қолданды. Суретте: модельдер Ринальда Юнардидің туындыларын таныстырып тұр.