Шымкенттік полицей Азия чемпионы атанды

Sputnik
АЛМАТЫ, 31 қазан – Sputnik. Шымкенттік полиция қызметкері Қымбат Ахмет Душанбе қаласында өтіп жатқан аралас жекпе-жектен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Polisia.kz.
Жарыста Азияның 22 мемлекетінен келген 500-ге жуық спортшы өзара бақ сынасты. Чемпионатқа Қазақстанның намысын қорғауға үздік 37 спортшы барды.
Шымкент қаласы полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың инспекторы Қымбат Ахмет 47 келі салмақта Азия чемпионы атағын жеңіп алды.