Шымкенттік полицей Азия чемпионы атанды

© Photo : Ішкі істер министрлігіҚымбат Ахмет аралас жекпе-жектен Азия чемпионы атанды
Қымбат Ахмет аралас жекпе-жектен Азия чемпионы атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 31 қазан – Sputnik. Шымкенттік полиция қызметкері Қымбат Ахмет Душанбе қаласында өтіп жатқан аралас жекпе-жектен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Polisia.kz.
Жарыста Азияның 22 мемлекетінен келген 500-ге жуық спортшы өзара бақ сынасты. Чемпионатқа Қазақстанның намысын қорғауға үздік 37 спортшы барды.
Шымкент қаласы полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың инспекторы Қымбат Ахмет 47 келі салмақта Азия чемпионы атағын жеңіп алды.
Жаңалықтар
0