Тоқаевтың сайлауалды штабын Ерлан Қошанов басқарады

Sputnik
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды штабын Ерлан Қошанов басқарады. Бұл туралы Халықтық коалицияның баспасөз қызметі хабарлады.
"Халықтық коалиция мүшелерімен консультация нәтижелері және кандидатпен келісім бойынша Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау республикалық қоғамдық штабының басшысы болып Ерлан Қошанов бекітілді", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, мәжіліс спикері Ерлан Қошанов сәуірде Amanat партиясының төрағасы болып сайланды.
Президент сайлауы - 2022
Президенттік үшін алты кандидат таласады – саясаттанушылар өз пікірін айтты