Қырғызстан президенті Астанаға ұшып шықты

Sputnik
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстанға жұмыс сапарымен ұшып кетті, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан.
Ақпарат агенттігінің мәліметінше, Жапаров Орталық Азия және Еуроодақ елдері басшыларының бірінші кездесуіне қатысады, сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізеді.
Кешке ол Қырғызстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің ашылу салтанатына қатысады деп жоспарлануда.
Қырғызстан президентімен бірге Қырғызстан сыртқы істер министрі, сыртқы саясат бөлімінің басшысы, Қырғызстанның Қазақстандағы елшісі, мемлекеттік хатшы және мәдениет министрі келеді.
Келесі жылы Оңтүстік Корея президенті Қазақстанға келеді