Қырғызстан президенті Астанаға ұшып шықты

Садыр Жапаров - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстанға жұмыс сапарымен ұшып кетті, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан.
Ақпарат агенттігінің мәліметінше, Жапаров Орталық Азия және Еуроодақ елдері басшыларының бірінші кездесуіне қатысады, сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізеді.
Кешке ол Қырғызстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің ашылу салтанатына қатысады деп жоспарлануда.
Қырғызстан президентімен бірге Қырғызстан сыртқы істер министрі, сыртқы саясат бөлімінің басшысы, Қырғызстанның Қазақстандағы елшісі, мемлекеттік хатшы және мәдениет министрі келеді.
Флаги Казахстана и Кореи - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2022
Келесі жылы Оңтүстік Корея президенті Қазақстанға келеді
Жаңалықтар
0