АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Түркістанда "Түркі әлемінің орталығы" нысанының сәулеттік-көркемдік келбетін, кешенді сәулет тұжырымдамасын әзірлеу үшін республикалық ашық байқау ұйымдастырылды.
Оған еліміздің түкпір-түкпірінен сәулетшілер қатысып, 17 жоба ұсынылды, деп хабарлады Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Түркі әлемінің орталығы" ғимараты салынады
© Photo
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аталған арнайы көрмеге қойылған жобалармен танысып, сәулетшілер мен мүсіншілермен кездесті.
"Түркістанның әрбір нысаны талапқа сай болуға тиіс. "Түркі әлемінің орталығы" ғимараты атына сай болып, құрылыс саласының соңғы технологиялары қолданылған жөн. Оған уақыт та, мүмкіндік те бар", – деген Дархан Сатыбалды жобаларды жетілдіру жөнінде өз ұсыныстарын айтты.
Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы ұйымдастырған байқаудың екінші кезеңіне іріктеуден өткен үздік жобалар жіберіледі.