https://sputnik.kz/20221026/turkistanda-turki-aleminin-ortalygy-gimaraty-salynady-28799361.html
Түркістанда "Түркі әлемінің орталығы" ғимараты салынады
Түркістанда "Түркі әлемінің орталығы" ғимараты салынады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Түркістанда "Түркі әлемінің орталығы" нысанының сәулеттік-көркемдік келбетін, кешенді сәулет тұжырымдамасын әзірлеу үшін... 26.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-26T20:13+0500
2022-10-26T20:13+0500
2022-10-26T20:13+0500
түркістан
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/1a/28784838_0:218:2865:1830_1920x0_80_0_0_c3b17e13e7eef8d4446af732f7324e72.jpg
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Түркістанда "Түркі әлемінің орталығы" нысанының сәулеттік-көркемдік келбетін, кешенді сәулет тұжырымдамасын әзірлеу үшін республикалық ашық байқау ұйымдастырылды.Оған еліміздің түкпір-түкпірінен сәулетшілер қатысып, 17 жоба ұсынылды, деп хабарлады Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аталған арнайы көрмеге қойылған жобалармен танысып, сәулетшілер мен мүсіншілермен кездесті."Түркістанның әрбір нысаны талапқа сай болуға тиіс. "Түркі әлемінің орталығы" ғимараты атына сай болып, құрылыс саласының соңғы технологиялары қолданылған жөн. Оған уақыт та, мүмкіндік те бар", – деген Дархан Сатыбалды жобаларды жетілдіру жөнінде өз ұсыныстарын айтты.Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы ұйымдастырған байқаудың екінші кезеңіне іріктеуден өткен үздік жобалар жіберіледі.
түркістан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/1a/28784838_67:0:2798:2048_1920x0_80_0_0_f5998d46ac00d87f59258f2987d426af.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан
Түркістанда "Түркі әлемінің орталығы" ғимараты салынады
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Түркістанда "Түркі әлемінің орталығы" нысанының сәулеттік-көркемдік келбетін, кешенді сәулет тұжырымдамасын әзірлеу үшін республикалық ашық байқау ұйымдастырылды.
Оған еліміздің түкпір-түкпірінен сәулетшілер қатысып, 17 жоба ұсынылды, деп хабарлады Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аталған арнайы көрмеге қойылған жобалармен танысып, сәулетшілер мен мүсіншілермен кездесті.
"Түркістанның әрбір нысаны талапқа сай болуға тиіс. "Түркі әлемінің орталығы" ғимараты атына сай болып, құрылыс саласының соңғы технологиялары қолданылған жөн. Оған уақыт та, мүмкіндік те бар", – деген Дархан Сатыбалды жобаларды жетілдіру жөнінде өз ұсыныстарын айтты.
Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы ұйымдастырған байқаудың екінші кезеңіне іріктеуден өткен үздік жобалар жіберіледі.