АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған төрт шетел азаматы ұсталды.
"22 қазанда "Жасөркен" шекара бөлімшесінің учаскесінде бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қызметкерлер Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына мемлекеттік шекараны бұзған төрт шетелдік азаматты ұстады", - делінген ҰҚҚ хабарламасында.
Осы факт бойынша құзыретті органдар жедел-тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.