Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған төрт адам ұсталды

© Пограничная служба комитета национальной безопасности Казахстана Граница Казахстана и Кыргызстана
Граница Казахстана и Кыргызстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған төрт шетел азаматы ұсталды.
"22 қазанда "Жасөркен" шекара бөлімшесінің учаскесінде бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қызметкерлер Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына мемлекеттік шекараны бұзған төрт шетелдік азаматты ұстады", - делінген ҰҚҚ хабарламасында.
Осы факт бойынша құзыретті органдар жедел-тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Жаңалықтар
0