Саясат

Беларусь пен Қазақстанның қарым-қатынасы уақыт сынынан өткен – Лукашенко

Sputnik
АСТАНА, 25 қазан - Sputnik. Беларусь президенті Александр Лукашенко әріптесі Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика күнімен құттықтады.
"Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық пен сенімге негізделген уақыт сынынан өткен қарым-қатынастар азаматтарымыздың игілігі үшін дами беретініне сенімдімін", - делінген құттықтауда.
Лукашенко бүгінгі таңда Қазақстанның бейбітшілікке негізделген сыртқы саясат қағидаттарын берік ұстанатынын, өзара түсіністік пен тату көршілікті нығайтуға жан-жақты үлес қосып отырғанын атап өтті. Астананың мәнді бастамалары халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және адамзаттың жаһандық мәселелерін шешуде маңызды рөл атқаратынын айтты.
Саясат
Лукашенко Астанаға жиналған ТМД президенттерін күлдіртті