Өңірлер

Павлодар облысында білім бөлімі ғимаратының шатыры ұшып кетті

Sputnik
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Жексенбі күні Аққулы ауданында қатты желден әкімшілік ғимараттың шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды Павлодар облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Аққулы аудан орталығындағы білім бөлімінің екіқабатты ғимаратына зақым келді.
Шатырдың жалпы ауданы 378 шаршы метр, соның 184 шаршы метрі жерде жатыр. Ғимарат 1967 жылы салынған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қатты желден ғимараттың шатыры ұшып кетті
Бұған дейін Павлодар облысы ТЖД 23 қазанда өңірде дабылды ескерту жарияланғанын мәлімдеді: солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында екпіні секундына 23-38 метрге жетеді.