Өңірлер

Павлодар облысында білім бөлімі ғимаратының шатыры ұшып кетті

© Photo : ДЧС Павлодарской областиШатыры ұшып кеткен әкімшілік ғимарат
Шатыры ұшып кеткен әкімшілік ғимарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Жексенбі күні Аққулы ауданында қатты желден әкімшілік ғимараттың шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды Павлодар облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Аққулы аудан орталығындағы білім бөлімінің екіқабатты ғимаратына зақым келді.
Шатырдың жалпы ауданы 378 шаршы метр, соның 184 шаршы метрі жерде жатыр. Ғимарат 1967 жылы салынған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
© Photo : ДЧС Павлодарской областиҚатты желден ғимараттың шатыры ұшып кетті
Ураганный ветер сорвал крышу здания в Павлодарской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2022
Қатты желден ғимараттың шатыры ұшып кетті
Бұған дейін Павлодар облысы ТЖД 23 қазанда өңірде дабылды ескерту жарияланғанын мәлімдеді: солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында екпіні секундына 23-38 метрге жетеді.
Жаңалықтар
0