Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды

Sputnik
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2022 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы мемлекет басшысының қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Құжатқа сәйкес, жеті адам мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды.
Олар:
Ақын Жайлыбай Ғалым – "Ай таңбалы арғымақ" өлеңдер мен поэмалар жинағы үшін;
Режиссер Жақыпбай Нұрқанат – "Жібек" мюзиклі үшін;
Әнші Кенжеғали Мыржықбай– "Жүрегім, нені сезесің? " концерті үшін;
Жазушы Тұрыспек Сәукетаев – "Желқайық" романы үшін;
Жазушы Кәдірбек Сегізбай – "Тағдыр толқыны" романы үшін;
Мүсінші Сембіғали Смағұлов – "Үш арыс" мүсіндік композициясы үшін;
Композитор Секен Тұрысбек – "Тәтті мұң" ән-күй партитуралары, клавирлер, өлеңдер жинағы үшін;
Айта кетері, бүгін президент Қасым-Жомар Тоқаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы" жарлыққа қол қойды.