Президент Республика күні қарсаңында бірқатар адамды марапаттады

© Sputnik / Абзал КалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомар Тоқаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
Барлығы Республика күні ұлттық мереке қарсаңында елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін марапатталып отыр.
Атап айтқанда, мемлекет және қоғам қайраткері Қайырбек Сүлейменовке зор еңбегі үшін "Халық қаһарманы" атағы, ал көрнекті жазушы Дулат Исабековке және "АтырауАгроӨнімдері" ЖШС директоры Владимир Розметовке "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді.
Бұдан бөлек, тағы ондаған адам жоғары дәрежелі мемлекеттік наградамен марапатталды.
Жаңалықтар
0