Қазақстан Финляндияға мұнай экспорттау мүмкіндігін қарастырып жатыр

Sputnik
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Қазақстанның энергетика министрі Болат Ақшолақов мұнайды Финляндияға экспорттау мүмкіндігіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Финляндия әрдайым бағыттардың бірі болатын. Вайниккала деген жеткізу пункті бар. Бұрын сол жерге теміржолмен жеткізіліп келді. Сол себепті нұсқалардың бірі ретінде қарастырылып жатыр", - деді Ақшолақов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Министр Финляндияға мұнай ешқашан көп көлемде жеткізілмегенін атап өтті. Себебі арақашықтық әжептәуір үлкен.
"Үлкен көлемде мұнай жеткізу үшін көп вагон-цистерна қажет. Ал қазір, өкінішке қарай, вагон айналымының жылдамдығы ұлғайып кетті. Егер бұрын белгілі бір бағытқа екі апта уақыт жұмсалса, дәл қазіргі жағдайда бір ай, тіпті одан да асып кетуі мүмкін. Өйткені вагон-цистерналардың саны шектеулі. Бос вагон-цистерналарды табу қиын. Бірақ Финляндия нұсқалардың бірі ретінде қарастырылып жатыр", - деді министр.
Оның айтуынша, Батумиге 5 млн тонна жеткізілген.
"Қажет болса тағы жеткізуге дайынбыз. Өйткені арақашықтық Финляндияға қарағанда қысқа", - деді ол.
Сонымен қатар, Ақшолақовтың сөзіне сүйенсек, Қазақстан Ақтау порты арқылы Бакуге де мұнай тасымалдай алады. Қазір бұл мәселе Әзербайжандағы әріптестер келісіліп жатыр.
Каспий құбыр консорциумы 25 қазаннан кейін толық жұмыс істейді