https://sputnik.kz/20221021/kaspiy-qubyr-konsortsiumy-25-qazannan-keyin-tolyq-zhumys-isteydi-28674252.html
Каспий құбыр консорциумы 25 қазаннан кейін толық жұмыс істейді
Каспий құбыр консорциумы 25 қазаннан кейін толық жұмыс істейді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Каспий құбыр консорциумының екінші айлақ қондырғысы қазан айының соңында іске қосылады. Осылайша КҚК толық қуаттылыққа көшеді. Бұл... 21.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-21T16:13+0500
2022-10-21T16:13+0500
2022-10-21T16:13+0500
мұнай
https://sputnik.kz/img/07e6/06/0f/25535161_0:106:1601:1006_1920x0_80_0_0_278434025e27aae5db6d024c8d4ab9bf.jpg
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Каспий құбыр консорциумының екінші айлақ қондырғысы қазан айының соңында іске қосылады. Осылайша КҚК толық қуаттылыққа көшеді. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министр жөндеу жұмыстары осы айдың соңында аяқталатынын атап өтті.Айтуынша, Каспий құбыр консорциумы биыл ұзақ мерзімге тоқтаған жоқ."Қазір жұмыс істеп тұрған бір айлақ қондырғысы өндіріліп жатқан көлемді экспорттауға мүмкіндік береді. Ал екі айлақ қондырғысы істесе, бұл 100-120 процент қуаттылық, ал үшінші қондырғы бізде үнемі резервтік болатын", - деді ведомство басшысы.Ол КҚК-ның іске қосылғанына 20 жылдан асып кеткенін еске салды. Айтуынша, теңіз астында әлсін-әлсін жөндеу жүргізіледі. Бірақ әрбір жабдықтың өз пайдалану шегі болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/0f/25535161_94:0:1435:1006_1920x0_80_0_0_eaae073c61f3ddc570e8bbabfc22b0af.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай
Каспий құбыр консорциумы 25 қазаннан кейін толық жұмыс істейді
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Каспий құбыр консорциумының екінші айлақ қондырғысы қазан айының соңында іске қосылады. Осылайша КҚК толық қуаттылыққа көшеді. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр жөндеу жұмыстары осы айдың соңында аяқталатынын атап өтті.
"Қажетті жабдықтың бәрі сол жерде, жұмыс жүріп жатыр. Бір жарым апта бұрын сүңгуір жабдықтарының жетіспеуіне байланысты мәселе туындады. Сіздер білесіздер, бәрі судың астында орналасқан. Сол себепті қосымша сүңгуір жабдығы жеткізілді. Кеше әріптестермен сөйлестік. Қазан айының соңында, 25 қазаннан кейін қосымша айлақ қондырғысы іске қосылады", - деді Ақшолақов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Айтуынша, Каспий құбыр консорциумы биыл ұзақ мерзімге тоқтаған жоқ.
"Қазір жұмыс істеп тұрған бір айлақ қондырғысы өндіріліп жатқан көлемді экспорттауға мүмкіндік береді. Ал екі айлақ қондырғысы істесе, бұл 100-120 процент қуаттылық, ал үшінші қондырғы бізде үнемі резервтік болатын", - деді ведомство басшысы.
Ол КҚК-ның іске қосылғанына 20 жылдан асып кеткенін еске салды. Айтуынша, теңіз астында әлсін-әлсін жөндеу жүргізіледі. Бірақ әрбір жабдықтың өз пайдалану шегі болады.