Президенттікке кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихаты басталды

Sputnik
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Бүгін Қазақстанда президент сайлауына кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталды.
Келесі кезең – дауыс беру күнінен бір күн бұрын аяқталатын сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары. 19 қараша – сайлау алдындағы тыныштық күні.
Осылайша, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауына алты кандидат тіркелді.
• ОСК бірінші болып елдің қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты тіркеді. Оны халықтық коалиция ұсынды, сондай-ақ оның кандидатурасын Amanat, "Ақ жол" және Қазақстан халық партиялары қолдады.
• Мейрам Қажыкенді "Аманат" кәсіподақтар одағы ұсынды. Ол 61 жаста, "Қазіргі заманғы қоғамды зерттеу институтының" директоры болып жұмыс істейді.
• 67 жастағы Жигули Дайрабаевты "Ауыл" партиясы ұсынды. Ол 2022 жылдың жазында "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумы агроөнеркәсіптік кешен комитетінің төрағасы болып сайланды.
• Қарақат Әбденді Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы ұсынды. Ол 1974 жылы туған, көп балалы ана, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Астана қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, елорда қоғамдық кеңесінің мүшесі.
• Салтанат Тұрсынбекова сайлауға "Қазақ аналары – дәстүрге жол" қоғамдық бірлестігінің атынан түсті. Ол 56 жаста, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, Астана қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі.
• Оппозициялық кандидат 65 жастғы Нұрлан Әуесбаев – Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының елордадағы филиалының басшысы.
Мерзімінен бұрын президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді.