https://sputnik.kz/20221021/prezidenttikke-kandidattardyn-saylaualdy-ugit-nasikhaty-bastaldy-28677808.html
Президенттікке кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихаты басталды
Президенттікке кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихаты басталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Бүгін Қазақстанда президент сайлауына кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталды. 21.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-21T18:20+0500
2022-10-21T18:20+0500
2022-10-21T18:20+0500
президент сайлауы
https://sputnik.kz/img/07e5/01/08/15946498_0:0:1152:648_1920x0_80_0_0_d4f11110ae1fae4f94f0429284bccf78.jpg
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Бүгін Қазақстанда президент сайлауына кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталды.Келесі кезең – дауыс беру күнінен бір күн бұрын аяқталатын сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары. 19 қараша – сайлау алдындағы тыныштық күні.Осылайша, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауына алты кандидат тіркелді.• ОСК бірінші болып елдің қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты тіркеді. Оны халықтық коалиция ұсынды, сондай-ақ оның кандидатурасын Amanat, "Ақ жол" және Қазақстан халық партиялары қолдады.• Мейрам Қажыкенді "Аманат" кәсіподақтар одағы ұсынды. Ол 61 жаста, "Қазіргі заманғы қоғамды зерттеу институтының" директоры болып жұмыс істейді.• 67 жастағы Жигули Дайрабаевты "Ауыл" партиясы ұсынды. Ол 2022 жылдың жазында "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумы агроөнеркәсіптік кешен комитетінің төрағасы болып сайланды.• Қарақат Әбденді Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы ұсынды. Ол 1974 жылы туған, көп балалы ана, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Астана қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, елорда қоғамдық кеңесінің мүшесі.• Салтанат Тұрсынбекова сайлауға "Қазақ аналары – дәстүрге жол" қоғамдық бірлестігінің атынан түсті. Ол 56 жаста, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, Астана қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі.• Оппозициялық кандидат 65 жастғы Нұрлан Әуесбаев – Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының елордадағы филиалының басшысы.Мерзімінен бұрын президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/08/15946498_97:0:961:648_1920x0_80_0_0_4a9f27aad9b9eb488f1a95e5752babf2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент сайлауы
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Бүгін Қазақстанда президент сайлауына кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталды.
Келесі кезең – дауыс беру күнінен бір күн бұрын аяқталатын сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары. 19 қараша – сайлау алдындағы тыныштық күні.
Осылайша, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауына алты кандидат тіркелді.
• ОСК бірінші болып елдің қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты тіркеді. Оны халықтық коалиция ұсынды, сондай-ақ оның кандидатурасын Amanat, "Ақ жол" және Қазақстан халық партиялары қолдады.
• Мейрам Қажыкенді "Аманат" кәсіподақтар одағы ұсынды. Ол 61 жаста, "Қазіргі заманғы қоғамды зерттеу институтының" директоры болып жұмыс істейді.
• 67 жастағы Жигули Дайрабаевты "Ауыл" партиясы ұсынды. Ол 2022 жылдың жазында "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумы агроөнеркәсіптік кешен комитетінің төрағасы болып сайланды.
• Қарақат Әбденді Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы ұсынды. Ол 1974 жылы туған, көп балалы ана, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Астана қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, елорда қоғамдық кеңесінің мүшесі.
• Салтанат Тұрсынбекова сайлауға "Қазақ аналары – дәстүрге жол" қоғамдық бірлестігінің атынан түсті. Ол 56 жаста, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, Астана қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі.
• Оппозициялық кандидат 65 жастғы Нұрлан Әуесбаев – Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының елордадағы филиалының басшысы.
Мерзімінен бұрын президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді.