Дәрігер денсаулыққа ең пайдалы ботқаны атады

Sputnik
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Диетолог, эндокринолог дәрігер Евгений Арзамасцев ақуыз бен темірге бай ботқаның қандай түрі ең пайдалы екенін айтты, деп хабарлады Lenta.ru.
Ресейлік дәрігер басқа жармаларға қарағанда қарақұмықтың құрамында ақуыз бен темірдің мөлшері көп екеніне сенімді. Сондықтан ол таңғы ас немесе гарнир үшін таптырмас тағам. Қарақұмық ботқасының құрамында сондай-ақ йод, калий және басқа да маңызды микроэлементтер бар. Сонымен қатар қарақұмықтың құнары аз, сондықтан артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін ең тиімді жарма саналады.
Диетолог қарақұмық ботқасын таңғы ас ретінде тұтынуға кеңес берді. Сарапшының пікірінше, тамақтану жүйесі көмірсулардың қатты төмендеуін болдырмайтын физикалық белсенді адамдар бұл жарманы аптасына кемінде төрт рет, қаласа күнде жеуіне болады.
Дәрігер ағзаны тазалауға көмектесетін көкөністерді атады