Дәрігер ағзаны тазалауға көмектесетін көкөністерді атады

© Photo : Pixabay / congerdesignБрокколи
Брокколи - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 7 тамыз – Sputnik. Дененің табиғи детоксикация жүйесі өз міндетін дұрыс атқаруы үшін күнделікті ас мәзірінде белгілі бір тағамдар болуы керек. Бұл туралы ресейлік диетолог дәрігер Маргарита Королева Sputnik радиосына берген сұхбатында айтты.
"Маргарита Королеваның клиникасына" басшылық ететін медицина ғылымдарының докторы Маргарита Королеваның айтуынша, ішімдік өнімдерін шектен тыс пайдалану және сапасыз тағам түрлі аурулардың пайда болуына әкеледі. Ал дененің табиғи детоксикация жүйесі осы факторлардың денсаулыққа теріс әсерін болдырмауға көмектеседі. Кейбір көкөніс түрлерін үнемі жеген жағдайда детоксцикация жүйесінің мінсіз болуына ықпал етуі мүмкін.
"Егер адам аса пайдалы емес сусындарды (ішімдік – ред.) шектен тыс пайдаланған кезде адам ағзасындағы детоксикация жүйесі мінсіз жұмыс істеуі үшін крест тәрізді көкөністерге басымдық беру қажет. Яғни күкіртке бай брокколи, түсті қырыққабат, ақ қырыққабат, асжапырақ (шпинат) және тағы басқасы. Құрамында күкірт көп көкөністер ақуыздың сіңуін қамтамасыз етеді. Одан бөлек күкірт глутатион құрамына кіреді. Глутатион болса – бұл ағзаның табиғи детоксикация жүйесінің мінсіз жұмысын қамтамасыз ететін бауыр ферменті", – дейді дәрігер-диетолог.
Айтуынша, жазда дұрыс дайындалмаған немесе сақталмаған тағамды тұтынумен байланысты асқазан-ішек жолдарының бұзылу қаупі жоғарылайды. Сапасыз кәуәп немесе құрамындағы көкөністер дұрыс жуылмай дайындалған салаттан уланудың алдын алу үшін пияз бен сарымсақты жеу керек, дейді диетолог.
"Сарымсақ пен пияздың құрамы қоректік заттардың массасынан басқа, табиғи антибиотиктерден тұрады. Олар асқазан-ішек жолдарының қабыну процестерінің алдын алады. Жаз айларында нашар жуылған көкөністер немесе жолдан сатып алынған кәуәп сияқты сапасыз тамақ ішек микрофлорасын бұзып, қабыну процесін тудыруы мүмкін. Табиғи антибиотиктері бар көкөністер қажетсіз процестердің басталуына жол бермей, қабынуды жойып, денсаулықты сақтауға көмектеседі", – деп түсіндірді Маргарита Королева.
Сондай-ақ диетолог балғын жемістер мен көкөністер зат алмасу процесін жақсартатынын атап өтті.
Жаңалықтар
0