АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Салтанат Тұрсынбекованы президенттікке кандидат ретінде тіркеді.
Оны "Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған.
Осылайша Қазақстан тарихында алғаш рет елдегі ең жоғары лауазымға екі әйел үміткер атанды.
Тұрсынбекова Бас прокуратурада жұмыс істеген, қазір құқық қорғаушы, Қазақстан президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі.