https://sputnik.kz/20221019/qaraqat-abden-prezidenttikke-kandidat-retinde-tirkeldi-28613913.html
Қарақат Әбден президенттікке кандидат ретінде тіркелді
Қарақат Әбден президенттікке кандидат ретінде тіркелді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Қарақат Әбденді президенттікке кандидат ретінде тіркеді. 19.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-19T14:15+0500
2022-10-19T14:15+0500
2022-10-19T14:15+0500
президент сайлауы
https://sputnik.kz/img/335/92/3359293_0:54:1365:822_1920x0_80_0_0_a1eb991326f59e78524347254391bde7.jpg
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Қарақат Әбденді президенттікке кандидат ретінде тіркеді.Оны "Кәсіби әлеуметтік жұмысшылар ұлттық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қарақат Әбден алдағы президент сайлауына тіркелген төртінші кандидат болды.Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов үміткердің құжаттары сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес келетінін атап өтті.10 қазанда Қарақат Әбден емтихан тапсырып, мемлекеттік тілді жетік меңгергенін растады.Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров оған кандидат ретінде тіркелгені туралы куәлікті табыс етті.Бұған дейін ОСК Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев, Мейрам Қажыкен және Жигули Дайрабаевты ресми түрде тіркеген болатын.Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.Қарақат Әбденнің өмірбаяны48 жастағы кандидат Ақмола облысында дүниеге келген. Мемлекеттік лауазымдарда қызмет етті. Соның ішінде салық комитетінің орталық аппаратында, президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясында 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеді.Қарақат Әбден – қоғам қайраткері, әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Астана әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі. 4 баланың анасы балалар үйі мен нәрестелер үйінің қамқоршылық кеңесіне де кіреді. 15 тәлімгердің менторы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/335/92/3359293_0:0:1365:1024_1920x0_80_0_0_890e67ed4951290e4281d27714459ee5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент сайлауы
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Қарақат Әбденді президенттікке кандидат ретінде тіркеді.
Оны "Кәсіби әлеуметтік жұмысшылар ұлттық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қарақат Әбден алдағы президент сайлауына тіркелген төртінші кандидат болды.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов үміткердің құжаттары сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес келетінін атап өтті.
10 қазанда Қарақат Әбден емтихан тапсырып, мемлекеттік тілді жетік меңгергенін растады.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров оған кандидат ретінде тіркелгені туралы куәлікті табыс етті.
Бұған дейін ОСК Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев, Мейрам Қажыкен және Жигули Дайрабаевты ресми түрде тіркеген болатын.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.
Қарақат Әбденнің өмірбаяны
48 жастағы кандидат Ақмола облысында дүниеге келген. Мемлекеттік лауазымдарда қызмет етті. Соның ішінде салық комитетінің орталық аппаратында, президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясында 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеді.
Қарақат Әбден – қоғам қайраткері, әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Астана әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі. 4 баланың анасы балалар үйі мен нәрестелер үйінің қамқоршылық кеңесіне де кіреді. 15 тәлімгердің менторы.