АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Бөлімшеге шақырылғаннан кейін әрбір мобилизацияланған қатардағы сарбаздың ай сайынғы жәрдемақысы 195 мың рубльді (1,38 миллион теңге) құрайды, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин РФ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында.
"Бүгін мен төлемдердің белгіленген мерзімі мен мөлшерін қатаң сақтау туралы нұсқамаға қол қойдым. Естеріңізге салсам, күнтізбелік айдағы оның көлемі кемінде 195 000 рубльді құрауы керек. Бұл жеке құрамды оқыту және даярлау кезеңін қоса қамтитынын атап өткім келеді", - деді Ресей президенті.
Ресейде 21 қыркүйекте жартылай мобилизация басталды. Ресей Федерациясының үкіметінде мәлімдегендей, мобилизация 1 мың километр майдан шебін және Украинадағы азат етілген аумақтарды бақылауға мүмкіндік береді.
Барлығы 300 мың адам майданға шақырту алады. Бұл ең алдымен әскери тәжірибесі бар азаматтарды қамтиды.Бұған дейін Мәскеуде жұмылдыру жұмыстары аяқталғаны хабарланған болатын.