https://sputnik.kz/20221019/reseyde-mobilizatsiyalangan-askerilerge-beriletin-zhardemaqy-ayyna-195-myn-rubldi-quraydy-28625838.html
Ресейде мобилизацияланған әскерилерге берілетін жәрдемақы айына 195 мың рубльді құрайды
Ресейде мобилизацияланған әскерилерге берілетін жәрдемақы айына 195 мың рубльді құрайды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Бөлімшеге шақырылғаннан кейін әрбір мобилизацияланған қатардағы сарбаздың ай сайынғы жәрдемақысы 195 мың рубльді (1,38 миллион... 19.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-19T18:28+0500
2022-10-19T18:28+0500
2022-10-26T15:40+0500
ресей
сарбаздар
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e6/09/15/27741650_0:0:3071:1728_1920x0_80_0_0_8df43f1299e2db6716ec98020e0af5bb.jpg
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Бөлімшеге шақырылғаннан кейін әрбір мобилизацияланған қатардағы сарбаздың ай сайынғы жәрдемақысы 195 мың рубльді (1,38 миллион теңге) құрайды, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин РФ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында. Ресейде 21 қыркүйекте жартылай мобилизация басталды. Ресей Федерациясының үкіметінде мәлімдегендей, мобилизация 1 мың километр майдан шебін және Украинадағы азат етілген аумақтарды бақылауға мүмкіндік береді. Барлығы 300 мың адам майданға шақырту алады. Бұл ең алдымен әскери тәжірибесі бар азаматтарды қамтиды.Бұған дейін Мәскеуде жұмылдыру жұмыстары аяқталғаны хабарланған болатын.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/15/27741650_340:0:3071:2048_1920x0_80_0_0_92a01135acbc6f706329ac8637cdbe5f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, сарбаздар
Ресейде мобилизацияланған әскерилерге берілетін жәрдемақы айына 195 мың рубльді құрайды
18:28 19.10.2022 (жаңартылды: 15:40 26.10.2022) АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Бөлімшеге шақырылғаннан кейін әрбір мобилизацияланған қатардағы сарбаздың ай сайынғы жәрдемақысы 195 мың рубльді (1,38 миллион теңге) құрайды, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин РФ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында.
"Бүгін мен төлемдердің белгіленген мерзімі мен мөлшерін қатаң сақтау туралы нұсқамаға қол қойдым. Естеріңізге салсам, күнтізбелік айдағы оның көлемі кемінде 195 000 рубльді құрауы керек. Бұл жеке құрамды оқыту және даярлау кезеңін қоса қамтитынын атап өткім келеді", - деді Ресей президенті.
Ресейде 21 қыркүйекте жартылай мобилизация басталды. Ресей Федерациясының үкіметінде мәлімдегендей, мобилизация 1 мың километр майдан шебін және Украинадағы азат етілген аумақтарды бақылауға мүмкіндік береді.
Барлығы 300 мың адам майданға шақырту алады. Бұл ең алдымен әскери тәжірибесі бар азаматтарды қамтиды.Бұған дейін Мәскеуде жұмылдыру жұмыстары аяқталғаны хабарланған болатын.