АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев қаңтар оқиғасынан кейінгі азаптау ісі бойынша құқық қорғау органдарының қанша қызметкері жауапқа тартылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның мәліметінше, қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптау бойынша 11 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тағы бес іс аяқталды. Олар бойынша 23 адамға айып тағылған.
"Жалпы азаптау бойынша барлығы 29 адам қылмыстық жауапқа тартылып жатыр. Олардың 17-сі полицей, 12-сі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері", - деді Шындалиев мәжіліс кулуарынды.
Ол азаптаудан алты адам қаза болғанын атап өтті. Қазір үш адамның өлімі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталған, қалғандары тергеу процесінде.