Қаңтар оқиғасы: мәжіліс рақымшылық туралы заңды әзірлеуге кірісті

© Photo : пресс-служба сената парламента КазахстанаДепутаттар
Депутаттар - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаттары "Рақымшылық жасау туралы" заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Арман Қожахметовтың айтуынша, заң жобасының мақсаты – 2022 жылғы 4-7 қаңтар аралығындағы жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты қылмыстық құқықбұзушылықтар жасағандарды қылмыстық жауаптылықтан босату немесе сот тағайындаған жазаның мерзімін қысқарту.
"Құжат азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар жасаған адамдарға мемлекет пен қоғам жағынан мейірімділік және ізгілік актісі болып отыр", - деді Қожахметов мәжілістің жалпы отырысында.
Айта кетері, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жасауға тапсырма берген болатын.
Қазақстан президентінің телерадиокешені Қаңтар қасіреті деректі фильмін жарыққа шығарды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2022
Видео
"Қаңтар қасіреті" фильмі Минскідегі фестивальде арнайы жүлде алды
Жаңалықтар
0