АЛМАТЫ, 18 қазан - Sputnik. Елорда полицейлері бірнеше мәрте ұрлық жасаған жас қызды ұстады. Оған Қазақстан аумағын аралап жүріп, бірнеше ұрлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Polisia.kz.
25 жастағы күдіктіні Астана қаласы Байқоңыр ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Қарағандыда ұстады. Күдікті тамыз айында елорда базарының аумағында бір тұрғынның сөмкесінен 930 мың теңгесін ұрлап кеткен.
Жәбірленушінің айтуынша, ол 930 мың теңгені несиеге алған. Ұры айналасындағыларға күдік тудырмау үшін хиджаб киіп, әрекет еткен. Ұрлық фактілері бойынша ҚР ҚК 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Тергеу барысында күдіктінің елдің басқа да аймақтарында ұрлық жасағаны анықталды. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды.