https://sputnik.kz/20221018/khidzhab-kigen-qyz-birneshe-marte-urlyq-zhasagan-28591513.html
Хиджаб киген қыз бірнеше мәрте ұрлық жасаған
Хиджаб киген қыз бірнеше мәрте ұрлық жасаған
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 18 қазан - Sputnik. Елорда полицейлері бірнеше мәрте ұрлық жасаған жас қызды ұстады. Оған Қазақстан аумағын аралап жүріп, бірнеше ұрлық жасады деген... 18.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-18T15:21+0500
2022-10-18T15:21+0500
2022-10-18T15:21+0500
ұрлық
https://sputnik.kz/img/632/75/6327582_0:68:1280:788_1920x0_80_0_0_13fa652e8a2409087b6c29c2d405874d.jpg
АЛМАТЫ, 18 қазан - Sputnik. Елорда полицейлері бірнеше мәрте ұрлық жасаған жас қызды ұстады. Оған Қазақстан аумағын аралап жүріп, бірнеше ұрлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Polisia.kz. 25 жастағы күдіктіні Астана қаласы Байқоңыр ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Қарағандыда ұстады. Күдікті тамыз айында елорда базарының аумағында бір тұрғынның сөмкесінен 930 мың теңгесін ұрлап кеткен. Жәбірленушінің айтуынша, ол 930 мың теңгені несиеге алған. Ұры айналасындағыларға күдік тудырмау үшін хиджаб киіп, әрекет еткен. Ұрлық фактілері бойынша ҚР ҚК 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу барысында күдіктінің елдің басқа да аймақтарында ұрлық жасағаны анықталды. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/632/75/6327582_70:0:1211:856_1920x0_80_0_0_5a1b5c81a1aa72c669441bdfeefa0b7f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұрлық
Хиджаб киген қыз бірнеше мәрте ұрлық жасаған
АЛМАТЫ, 18 қазан - Sputnik. Елорда полицейлері бірнеше мәрте ұрлық жасаған жас қызды ұстады. Оған Қазақстан аумағын аралап жүріп, бірнеше ұрлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Polisia.kz.
25 жастағы күдіктіні Астана қаласы Байқоңыр ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Қарағандыда ұстады. Күдікті тамыз айында елорда базарының аумағында бір тұрғынның сөмкесінен 930 мың теңгесін ұрлап кеткен.
Жәбірленушінің айтуынша, ол 930 мың теңгені несиеге алған. Ұры айналасындағыларға күдік тудырмау үшін хиджаб киіп, әрекет еткен. Ұрлық фактілері бойынша ҚР ҚК 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Тергеу барысында күдіктінің елдің басқа да аймақтарында ұрлық жасағаны анықталды. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды.