АСТАНА, 18 қазан - Sputnik. Кентау тұрғындары табиғаттың тосын сыйына таңғалып отыр. Мұндай жағдай қалада бұрын-соңды болмаған, деп атап өтті Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жыл мезгілінен "шатасып кеткен" алма ағашы Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназиясының ауласында өсіп тұр. Ағашты еріктілер Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай отырғызды, деп атап өтті баспасөз қызметі.
Гимназиядағылар бағбан мектеп айналасындағы ағаштарды ерекше күтетінін атап өтті. Желіде сурет бөлісіп жатыр.