Өңірлер

Кентауда қазан айында алма ағашы гүлдеді

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиКентауда алма ағашы қазан айында гүлдеді
Кентауда алма ағашы қазан айында гүлдеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 18 қазан - Sputnik. Кентау тұрғындары табиғаттың тосын сыйына таңғалып отыр. Мұндай жағдай қалада бұрын-соңды болмаған, деп атап өтті Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жыл мезгілінен "шатасып кеткен" алма ағашы Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназиясының ауласында өсіп тұр. Ағашты еріктілер Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай отырғызды, деп атап өтті баспасөз қызметі.
Гимназиядағылар бағбан мектеп айналасындағы ағаштарды ерекше күтетінін атап өтті. Желіде сурет бөлісіп жатыр.
Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2022
Кентау әкімі қамауға алынды
Жаңалықтар
0