Батыс Қазақстанда оқушы абайсызда досына оқ атты

Sputnik
АЛМАТЫ, 17 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының Хан Орда кентінде 15 жастағы оқушы мылтықтан оқ атып, досын жаралады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап.
"2022 жылдың 4 қазанында сағат 21.00-де Батыс Қазақстан облысы Хан Орда кентіндегі Мәметова көшесінде орналасқан үйдің ауласындағы гаражда 2007 жылы туған кәмелетке толмаған бала байқаусызда АТА ARMS маркалы мылтықтан 2007 жылы туған жасөспірімге оқ атқан", - деп мәлімдеді ведомство.
Зардап шеккен бала "іштің оқ жарақаты" диагнозымен орталық ауруханаға жатқызылды. Мылтық оның 1994 жылы туған ағасына тиесілі болған.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 114-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр және атыс қаруының иесіне қатысты Қазақстан Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 484-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама жасалды.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.