https://sputnik.kz/20221017/batys-qazaqstanda-oqushy-abaysyzda-dosyna-oq-atty-28535255.html
Батыс Қазақстанда оқушы абайсызда досына оқ атты
Батыс Қазақстанда оқушы абайсызда досына оқ атты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 17 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының Хан Орда кентінде 15 жастағы оқушы мылтықтан оқ атып, досын жаралады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан... 17.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-17T10:26+0500
2022-10-17T10:26+0500
2023-08-09T17:16+0500
қару-жарақ
https://sputnik.kz/img/old/1166/35/11663584_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_1ae490d7e6114494f2edf33418db54d5.jpg
АЛМАТЫ, 17 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының Хан Орда кентінде 15 жастағы оқушы мылтықтан оқ атып, досын жаралады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап."2022 жылдың 4 қазанында сағат 21.00-де Батыс Қазақстан облысы Хан Орда кентіндегі Мәметова көшесінде орналасқан үйдің ауласындағы гаражда 2007 жылы туған кәмелетке толмаған бала байқаусызда АТА ARMS маркалы мылтықтан 2007 жылы туған жасөспірімге оқ атқан", - деп мәлімдеді ведомство.Зардап шеккен бала "іштің оқ жарақаты" диагнозымен орталық ауруханаға жатқызылды. Мылтық оның 1994 жылы туған ағасына тиесілі болған.Қазіргі уақытта осы факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 114-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр және атыс қаруының иесіне қатысты Қазақстан Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 484-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама жасалды.Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1166/35/11663584_2:0:1442:1080_1920x0_80_0_0_cbf11b9980bfac444a8d3b166e391bb7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қару-жарақ
Батыс Қазақстанда оқушы абайсызда досына оқ атты
10:26 17.10.2022 (жаңартылды: 17:16 09.08.2023) АЛМАТЫ, 17 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының Хан Орда кентінде 15 жастағы оқушы мылтықтан оқ атып, досын жаралады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап.
"2022 жылдың 4 қазанында сағат 21.00-де Батыс Қазақстан облысы Хан Орда кентіндегі Мәметова көшесінде орналасқан үйдің ауласындағы гаражда 2007 жылы туған кәмелетке толмаған бала байқаусызда АТА ARMS маркалы мылтықтан 2007 жылы туған жасөспірімге оқ атқан", - деп мәлімдеді ведомство.
Зардап шеккен бала "іштің оқ жарақаты" диагнозымен орталық ауруханаға жатқызылды. Мылтық оның 1994 жылы туған ағасына тиесілі болған.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 114-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр және атыс қаруының иесіне қатысты Қазақстан Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 484-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама жасалды.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.