АСТАНА, 15 қазан - Sputnik. Қазақстандық ауыр атлет Асылжан Бектай Бахрейнде өткен ауыр атлетикадан Азия чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ол 89 келіге дейінгі салмақта үздік болды. Асылжан Бектай барлығы 362 (165+197) келі көтерді.
Екінші орында Эмиль Молдодосов (Қырғызстан) – 361 (166+195) келі. Масуд Чатраи (Иран) 358 (162+196) келімен үшінші болды.
81 келі салмақта қола жүлдеге ие болған Айша Омарова ұлттық құрамаға тағы бір медаль әкелді. Биатлонның қорытындысы бойынша Омарованың көрсеткіші - 217 (93+124) келі.
Қола жүлдеге ие болған Айша Омарова
Бірінші орын Сейедхалхам Хоссейниге (Иран) бұйырды – 227 (102+125) келі. Мотока Накадзима (Жапония) 223 (100+123) келімен үшінші болды.
Бахрейндегі әлем чемпионаты 16 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан атынан 18 спортшы қатысып жатыр.