Спорт

Қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатында алтын және қола жүлдені жеңіп алды

© Photo : Instagram (запрещено в РФ) /Bahrain Weightlifting FederationКазахстанский штангист Асылжан Бектай
Казахстанский штангист Асылжан Бектай - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2022
Жазылу
Бахрейнде өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық зілтеміршілердің жетістігі жалғасып жатыр
АСТАНА, 15 қазан - Sputnik. Қазақстандық ауыр атлет Асылжан Бектай Бахрейнде өткен ауыр атлетикадан Азия чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ол 89 келіге дейінгі салмақта үздік болды. Асылжан Бектай барлығы 362 (165+197) келі көтерді.
Екінші орында Эмиль Молдодосов (Қырғызстан) – 361 (166+195) келі. Масуд Чатраи (Иран) 358 (162+196) келімен үшінші болды.
81 келі салмақта қола жүлдеге ие болған Айша Омарова ұлттық құрамаға тағы бір медаль әкелді. Биатлонның қорытындысы бойынша Омарованың көрсеткіші - 217 (93+124) келі.
© Photo : Instagram (Запрещено в РФ) / Bahrain Weightlifting FederationҚола жүлдеге ие болған Айша Омарова
Айша Омарова стала третьей на чемпионате Азии по тяжелой атлетике - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2022
Қола жүлдеге ие болған Айша Омарова
Бірінші орын Сейедхалхам Хоссейниге (Иран) бұйырды – 227 (102+125) келі. Мотока Накадзима (Жапония) 223 (100+123) келімен үшінші болды.
Бахрейндегі әлем чемпионаты 16 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан атынан 18 спортшы қатысып жатыр.
Жаңалықтар
0