Ресей қосымша мобилизация жарияламайды – Путин

Ресейдегі ішінара мобилизация екі аптадан кейін аяқталады
Sputnik
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин қосымша мобилизацияға қажеттілік жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, қазір Ресейде жоспарланған үш жүз мың адамның 222 мыңы мобилизацияланды.
"Қорғаныс министрлігі бастапқыда үш жүз мың емес, бұдан да аз санды жоспарлаған. Қазір қосымша ештеңе жоспарланып отырған жоқ. Қорғаныс министрлігінен ешқандай ұсыныс түскен жоқ. Болашақта бұған (мобилизацияға – Sputnik ескертп.) қажеттілік көріп тұрған жоқпын", - деді Путин Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Ресей лидері ішінара мобилизация шамамен екі аптадан кейін аяқталатынын атап өтті.
Бұған дейін Путин мобилизациядан Қазақстанға қашып келген ресейліктер туралы пікір білдірген болатын.
Еске салсақ, Украинадағы жағдайға байланысты қыркүйек айының соңында Ресейде ішінара мобилизация жарияланды.
Путин Ресейдегі мобилизациядан Қазақстанға қашып келген отандастары туралы айтты