Путин Ресейдегі мобилизациядан Қазақстанға қашып келген отандастары туралы айтты

© AFP 2024 / STRINGERРоссияне прибывают в Казахстан через погранпереход Сырым 27 сентября 2022 года
Россияне прибывают в Казахстан через погранпереход Сырым 27 сентября 2022 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін көрші елдерге кеткен ресейліктер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бұл жағдайға эмоциямен емес, заң тұрғысынан баға бергенді жөн көремін. Әрбір нақты жағдайда нақты азаматтың әрекетіне құқықтық баға беру керек. Біреу қорыққаннан кетіп қалды, енді бірі мобилизациялан жалтармақ болды. Әрбір нақты жағдайға құқықтық баға беріп, осы негіз бойынша ғана әрекет ету керек", - деді Путин Орталық Азия Ресей саммитінен кейін өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.
Ресейде ішінара мобилизация жарияланған күннен бастап Қазақстанға келетін ресейліктердің саны күрт өскен болатын.
Офисные работники - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2022
Қазақстанға келген ресейліктер қай салаларда жұмыс істеп жүр
Жаңалықтар
0