АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. РФ президенті Владимир Путин Ресейдің Орталық Азия елдерімен ынтымақтастыққа қызығушылығы артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазір қызығушылық одан да жоғары. Сауда көлемі өткен жылдармен салыстырғанда қарқынды өсуде. Біз жаңа логистикалық тізбектерді дамытып жатырмыз, олардың көбі осы өңірдер арқылы өтеді. Өңір елдері де бұған мүдделі. Кооперация, өз құзыреттерін дамыту тұрғысынан жаңа мүмкіндіктер пайда болып отыр", - деді Путин Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар қаржы саласындағы мәселелерді қозғады.
"Мәселен, қаржы саласындағы жұмыс, ұлттық валюталарға көшу жұмысын қалай ұйымдастыру керек? Қаржы ақпаратын беру жүйесін қалай ұйымдастырған жөн? Біздің Орталық Азиядағы серіктестеріміз осы мәселелерді шешуге мүдделі екені сөзсіз", - дейді Путин.