https://sputnik.kz/20221014/ortalyq-aziya-resey-sammiti-28486304.html
"Орталық Азия – Ресей" саммиті жабылды: Бірлескен іс-қимыл жоспары әзірленеді
"Орталық Азия – Ресей" саммиті жабылды: Бірлескен іс-қимыл жоспары әзірленеді
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы Астанада өткен "Орталық Азия – Ресей" саммитін қорытындылады 14.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-14T17:36+0500
2022-10-14T17:36+0500
2022-10-14T17:37+0500
саясат
орталық азия
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0e/28481390_0:53:1280:773_1920x0_80_0_0_57cf70464e4267f130a5ce2a1d9c3060.jpg
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Астанада алғаш рет өткен "Орталық Азия – Ресей" саммиті жабылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. "Орталық Азия – Ресей" саммитін қорытындылай келе Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлер арасында кешенді іс-қимылды дамыту бойынша жан-жақты пікір алмасу өткенін айтты. "Практикалық маңызы бар көптеген қызықты ұсыныс айтылды. Ресей президенті Владимир Путинге осы кездесуге бастамашы болғаны үшін, жеке қатысып, қызықты идеяларын және ұсыныстарын бөліскені үшін ерекше ризашылығымды білдіремін. Бұл кездесуіміз өңіріміздің Ресеймен стратегиялық серіктестігін дамытуға септігін тигізетініне сенімдімін", - деді Тоқаев саммиттің соңында. Президент сыртқы саяси ведомстволар басшылары деңгейінде жұмыс органы жұмыс істейтінін атап өтті. Сонымен қатар, ол Орталық Азия мен РФ басшыларының бірлескен мәлімдемесі қабылданатынын жариялады. Айта кетері, Астанада алғашқы "Ресей – Орталық Азия" саммиті өтті. Үлкен жиынға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттері қатысты.
орталық азия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0e/28481390_90:0:1191:826_1920x0_80_0_0_94ea87e1538e151bdff409c4ce621940.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орталық азия
"Орталық Азия – Ресей" саммиті жабылды: Бірлескен іс-қимыл жоспары әзірленеді
17:36 14.10.2022 (жаңартылды: 17:37 14.10.2022) Мемлекет басшысы Астанада өткен "Орталық Азия – Ресей" саммитін қорытындылады
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Астанада алғаш рет өткен "Орталық Азия – Ресей" саммиті жабылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Орталық Азия – Ресей" саммитін қорытындылай келе Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлер арасында кешенді іс-қимылды дамыту бойынша жан-жақты пікір алмасу өткенін айтты.
"Практикалық маңызы бар көптеген қызықты ұсыныс айтылды. Ресей президенті Владимир Путинге осы кездесуге бастамашы болғаны үшін, жеке қатысып, қызықты идеяларын және ұсыныстарын бөліскені үшін ерекше ризашылығымды білдіремін. Бұл кездесуіміз өңіріміздің Ресеймен стратегиялық серіктестігін дамытуға септігін тигізетініне сенімдімін", - деді Тоқаев саммиттің соңында.
Президент сыртқы саяси ведомстволар басшылары деңгейінде жұмыс органы жұмыс істейтінін атап өтті.
"Елдеріміздің сыртқы істер министрлеріне осы кездесудің қорытындыларын жүзеге асыру бойынша Бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсыруды ұсынамын", - деді Тоқаев.
Сонымен қатар, ол Орталық Азия мен РФ басшыларының бірлескен мәлімдемесі қабылданатынын жариялады.
Айта кетері, Астанада алғашқы "Ресей – Орталық Азия" саммиті өтті. Үлкен жиынға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттері қатысты.