АЛМАТЫ, 12 қазан – Sputnik. 29 қазанда Түркістан қаласында тұңғыш рет қазақ күресінен "Тұран Барысы" Азия кубогы өтеді, деп хабарлайды мәдениет және спорт министрлігі.
Кубок "командалық бетпе-бет" олимпиадалық жүйесі бойынша өтеді.
Ұлттық спортты дамыту мақсатында өтетін дәстүрлі турнирге Түркі мемлекеттері ұйымының мүшелері – Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан балуандары қатысады. Балуандар 55, 60, 66, 74, 82, 90 келіге дейін және 90 келіден ауыр салмақ арасында белдеседі.